Мен де қырға айналдым – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Мен де қырға айналдым» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Биылғы жыл тікен шөп қырда қаулап өсіпті,
Молынан бір жайқалып гүл де осында көшіпті.
Қадамыңды бас байқап, тап болмағын шөгірге,
Қате басқан қадамдар жазаланар өмірде.
Құшақ жайып алдыңнан паш еткенде бар көркін,
Гүл оранған далада еркінсімес қайда еркің?
Босат, босат, бер еркін, дерт жайлаған жүректің,
Қуансын деп перзентің, туған далам, гүл ектің.
Сағыныштан тас-түйін жеттім саған елпілдеп.
«Қуат жинап бойыңа, сергіп, ойдан серпіл» деп,
жан-жүйемді босаттың, мен отырмын еңкілдеп,
сен де алақан соғасың, беу, жауқазын желпілдеп.
Құдыретің туған жер, шымырлатар бойымды!!!
Топырағыңнан шым-шымдап айналатын қуатқа
аралатып бойымды, саралатып ойымды,
мен де қырға айналдым, жонын тосқан шуаққа...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері