Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсанның бірі

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 885
Қонып жатыр, қонып жатыр, қонып жатыр қонақтап,
Әппақ ұлпа, әппақ желек!
Аспан әппақ, жол әппақ,
Әппақ шашу күмістелген шағылысып күнменен
Қалықтап кеп жапалақтап биіктей түс, іргеме!
Шымқай аққа болса бәйге,
бүгінгі күн кенелер еді жүлдеге!
Сұрғылт шатыр сұр үйлер жоқ – самсап тұрған ақ сарай!
Пәк көңілім ақ әлеммен жарасымын тапқаны-ай!
Ақтан басқа түс көрмейсіз қарықпайды көз қалай?
Ақ желекке оранып ап бақтар іштей әндетіп,
Әлдилейді әуенімен, бұтақтарын қозғамай.
Сәл қозғалса-ақ ақ дүние кететіндей өзгеріп
Тұрғандай ма, бар тіршілік қозғалмауға сөз беріп...
Дүниені шаңқан түске, ақ бояуға малғандай
Әппақ гүлдер үлбіретіп ақ бүршігін жарғандай!
Желтоқсанның бүгін міне, міне бүгін бірі екен
Әппақ әлем пәктік тойын тойлап жатқан күн екен –
Осынау жыр тазалықтың орнығуғын ырымдап,
бір жүректен жарып шыққан жыр екен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Жұлдыз арман болмай қалды,
Көктен жерге түскелі.
Қол созғандар ұстап алса,
Кепиетті деп пе едің?

Толық

Көкжиектен күлімдеп шықты күнім

  • 0
  • 0

Көкжиектен күлімдеп шықты күнім.
Әппақ гүлдің ернінде қалған тұнып,
Мөп-мөлдір шық етеді жымың-жымың.
Ағытылды жүректен бұла жырым.

Толық

Өткінші, бәрі де өткінші...

  • 0
  • 0

Дауыл да, дауың да, тайталас,
Жауын да, жауың да, бағың да,
тағың да – бәрі де,
Бәрі де өткінші!

Толық

Қарап көріңіз