Күз

Бұл бетте «Күз» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 673
Естілмейді селдір сары
жапырақтар сыбдыры,
Жел уілі басым түскен
сұрғылт қабақ күз күні.
Асыр салған асау тайша
менің бұла қыз күнім,
Ымырттағы жолаушыдай
тарта түсті тізгінін.
Қарашада қара жаңбыр
долы желмен айқасып.
Күншуақты алапат күш,
жеңіп шықты шайқасып.
Аңсауы көп әуенінде
майда қоңыр баяу ән,
Көңілімнің түкпірінде
қалып қойды саялап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері