Жарқабаққа тізілген қарлығаштың ұясындай

Бұл бетте «Жарқабаққа тізілген қарлығаштың ұясындай» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Жарқабаққа тізілген қарлығаштың ұясындай
Көп терезе самсаған, бірқауым ел қасымда.
Құс сайрайды таң ата, аула толып балаға,
Думанды өмір басталды, сүйсіне бер қара да!
...Қас қарая күндізгі сән жылыстап түнекке
Кең сарайдай боз үйді мыс басады бір өктем,
Үрей ертіп осы сәт құр қалғандай пайынан,
Жетіп келер жалғыздық жайдақ мініп тайына.
Бала кезде...
ойынсақ, қаперсіз ек қорқудан,
Таң атып, күн батқанша жасақты әскер секілді
Көл мен шағыл арасын тынбаушы едік жортудан.
Содан қалған үлес пе, ой қамайды не түрлі,
Шұбырады бірыңғай ұқсас ойлар үтірлі.
Нүкте қойып бәріне, аяқтамақ боламын,
«Батырсың» деп өзімді жай ақтамақ боламын.
Осы сәтте көрсең-ау:
Жалғыздық пен зымиян үрей шіркін қамап ап,
ортаға алып өзімді таяқтамақ болады.
Қорықпайды үлкендер, үрейленер бірақ та,
Үлкендіктің белгісі –
балалығыңды аңсайсың қалып қойған жырақта.
Бала болғың келеді, қамқорлайтын сені кіл,
Сірә, осы еркелік емес пе екен менікі...
Деді дауыс дауыстап:
«Ол қайдағы жалғыздық, кеңістік бар қасыңда,
Ой арнасын тарылтпа, бұр бағытты көлемге:
Мұңыңды шақ, сырыңды айт
жан сырласың өлеңге!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарқабаққа тізілген қарлығаштың ұясындай өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Жарқабаққа тізілген қарлығаштың ұясындай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарқабаққа тізілген қарлығаштың ұясындай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарқабаққа тізілген қарлығаштың ұясындай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері