Май ұраны

Бұл бетте «Май ұраны» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 691
Май ұраны, көгерсін жер, көгерсін!
Жасыл жібек өсімдікке бөленсін.
Жұпарлы жер, жансыздарға жан беріп,
Әмір сүріп, қыбырласын, кенелсін.
Сайрасын құс, жайнасын дөң, күлсін күн,
Оттай шалқып көзді тартып шықсын гүл.
Бұлақ ақсын, бұлаң қақсын, тауларды
Сағым бөлеп, бұп-буалдыр бассын нұр.
Толқысын көл, жасыл құрақ жайқалсын.
Ақ үкісі бұлғалаңдап шайқалсын.
Жасыл бүлге үстін жауып ағаштың,
Жас бұтақтар бұралаңдап жайқалсын.
Бұзау, қозы, құлын, бота, лақтар
Салсын асыр, жаңа шыққан құрақтар.
Май асасын, бір жасасын ешкі, қой,
Сиыр, бие, түйе — аққан бұлақтар.
Еккен егін самал толқып ырғалсын,
Қара топырақ жап-жасыл боп сырлансын,
Қоңыр бұлттан маржан жан,быр сорғалап,
Күркіреп күн, егілген жер дымдансын.
Бұрқ-бұрқ етіп гуілдесін заводтар,
Зырылдатсын доңғалақты алыптар,
Алтын, күміс, мыс пен жездер қазылып,
Жылтылдасын шахталарда жарықтар.
Май ұраны жердің жүзін күңірентсін,
Еңбекші тап, тап намысын үдетсін!
Дүңкілдетіп көтерсін шу, күрессін,
Жердің шарын СССР дай түлетсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Май ұраны өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Май ұраны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Май ұраны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Май ұраны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері