Мұғалім – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Мұғалім» атты Сәбит Мұқанов жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.10.2019
  • 0
  • 1
  • 10500
Ел ісін басқаратын көсем бол, сен,
Бал тамған таңдайыңнан шешен бол, сен
Батыр бол қол бастаған, тағы сондай
Салада қанша биік өсе бер, сен;
Жаса сен, қай жағдайда, қай заманда,
Әрдайым міндеттісің бір адамға;
Былайғы жақын түгіл, оның орнын
Керген жоқ басып, туған ата-анаң да;
«Мұғалім!» бұл адамның ардақты аты.
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты.
— Ар жағы иероглиф, бергі әріп
Арқылы қандай тілде, қандай халық
Хат білсе, санасына мұғалімнен
Түседі бірінші рет сәуле-жарық.
Білімнің шарлағанда талай өрін,
Жаңалық ашқан шақта нелер керім,
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәңгі-бақи беріп төрін.

1960


Пікірлер (1)

Ақерке

Өте тамаша өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұғалім өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Мұғалім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұғалім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мұғалім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері