Кенші сыры

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Беу, муза!
Ен шабытқа бөледің бе?!
Бармаспын ел сырынан бөлек үнге.
Ояу сөз, бояуы айқын, дыбысы ашық,
Терең ой мекендесін өлеңімде.
Әкелер қан майданға ерте кетіп,
Балалық жіберген жоқ еркелетіп.
Үйрендік іске обыр, тілге сараң,
Мың ойлап айтар сөзді келтелетіп.
Кешегім боларлықтай бүгінге сеп,
Сарқылмас заман мұңы үнімде көп.
Кен қаздым кейбір ділмар айтпасын деп
«Білгені, бітіргені тілінде...» деп.
Түспесін титім нұқсан ар-намысқа,
Салтым жоқ жан сауғалар қалтарыста.
Аралдың айқасында шаш ағарды,
Жүрмей ме нағыз ақын арпалыста.
Қопарған Жезқазғанда жезім өлең,
Телегей болып кеттім өзім өлең.
Қыздырып ішкі намыс
Асыл тасқа
Қараймын ақын-кенші көзіменен.
Талпынсам туған жерден алыс қонып,
Қуандым Жезқазғанмен таныс болып.
Шіркін-ай, арман еді ұқсап қалу,
Дүниеден өтпесем де Қаныш болып.
Беу, достар!
Демессіңдер бекер еді.
Жер тілін білу ынта еселеді.
Сырым сол – Қаныш аға зор атағы
Көкшеден Ұлытауға жетеледі.

2000


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кенші сыры өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Кенші сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кенші сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кенші сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері