Өлең, жыр, ақындар

Көкшетау – дархан, думан жер

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Тау жетпес Көкшетауға жер бетінде,
Сөз жетпес теңеу болар келбетіне.
Саясы сексен көлдің жаралыпты
Жүректің жұқа жерін емдетуге.

Қайырмасы:

Мақтауға татыр,
Ерледі батыр
Абылай алаң құрған жер.
Көк майса өрі,
Ән-жырдың төрі
Көкшетау – дархан, думан жер.

Көк мұнар көсем таулар кербез, асқақ,
Ту тіккен бар қазаққа ұран тастап.
Оқжетпес, Сырымбеттер туған екен
Өтуге сұлулықтың көшін бастап.

Қайырмасы.

Қазақтың тарихы бар әр тасында,
Жаңғырды Ақан әні жартасында.
Жалындай Құлагердің желкілдейді
Көшкен бұлт көкшіл таулар алқасында.

Қайырмасы.

1992


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкшетау – дархан, думан жер өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Көкшетау – дархан, думан жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көкшетау – дархан, думан жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкшетау – дархан, думан жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері