Өлең, жыр, ақындар

Ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылғанда

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 2596
Жек көру туар ызадан,
Ұмытпас мұңын бұл адам.
Сыр білдірмей талай жыл,
Ішімнен ғана жылағам.
Жүректе жатыр тұнып сыр,
Ұмыттыр деуші ем, ұмыттыр.
Есіме түсіп өткен күн,
Өртенген ішім жылып тұр.
Қақсатқан қазақ баласын,
Күңіренткен тау мен даласын,
Қайғы­мұң түпкі себебін
1932 жылдан табасың.
Қырыпты аштық халықты,
Әкені ерте алыпты.
Қырқынан шықпай, артында
Шырылдап тірнек қалыпты.
Көз жасын тыяр шабытым,
Жер басып жүрмін әлі тың.
Ішкі ыза­кек дем беріп,
Бастады алға бағытым.
Қабағым бүгін ашылды,
Өткенді көңіл жасырды.
Тәуелсіздік ақ таңы
Ақиқат болып тасынды.
Тәңірім істі қолдады,
Ұлы арман жетті толғағы.
Аштықтың құрбандарына
Зор монумент орнады.
Осы еді арман­жоспарым,
Бірлесіп талай қоштадың.
Шота, Шерхан, Нұрғожа,
Сүйінші, құрдас­достарым!
Қайғылы тау мен дала тұр,
Аштықты қарғап ана тұр.
Аналардың жүдеу алдында
Кішкентай арық бала тұр.
Ескі ауыл көшіп келгендей,
Қалмапты тарих мөрленбей.
Балаға қарап селк еттім
Өзімді­өзім көргендей.
Мүсіншілер ғажап еңбегін
Сол болар сүйіп сенгенім.
Елбасы монумент ашқанда:
«Анау бала – мен!» – дедім.
Қол алғанда Елбасы
Дей бердім: «Алла, қолдашы!»
Алғыстың айттым үлкенін,
Тоқтады сонда көз жасы.
Сексенге жеткен әр таңым,
Жаңарған сәтін байқадым.
Жасай бер, Ел мен Елбасы,
Құрбандар үшін айтарым!

31.05.2012



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тотының тоқсан тарауы

  • 0
  • 0

Тотының тоқсан тарауы
Тоты көрдім тоғайға оралмаған,
Салтанаты, сауығы жоғалмаған.
Кәкімбек Салықов

Толық

Ұлытау жайлы үзік сыр

  • 0
  • 0

Даналықтың қызықсам салтына бір,
Қарт Ұлытау төгілер атына жыр.
Отансүйгіш көтерген рухымды,
Кәкімбек Салықов

Толық

Кіндік қаның тамған жер

  • 0
  • 0

Көргенде Нанан ауылы зираттарын,
Жан толқып, көкірегімде жыр баптадым.
Мына жер ескі ауылдың жұрты десе,
Жаттадым құтты әңгіме тыңдап бәрін.

Толық

Қарап көріңіз