Аңшыға

Бұл бетте «Аңшыға» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жәңгір аға!
Шаршадым тас қиратып,
Қырға кенім жөнелді тасқын атып.
Киігі көп далаға кетейікші,
Аңға шығып келейік қасқыр атып.
Ақбөкенді аш бөрі басынады,
Басынады, билігін асырады.
Сұлу қайтсін, ішқұса ашынады,
Сая таппай, көргенін жасырады.
Қара көзге мөлтілдеп қапа тұнды,
Білем не мұң аруға бататынды.
Қасымызға ертпеңіз қасқыр атпай,
Қастандықпен ақбөкен ататынды.
Қызыл құмда кездесер тарлан шұбар,
Бөлтірік те бөрі боп қалған шығар.
Қанжығамыз көкжалға қарық болса,
Құралайлар қуанып алдан шұбар.
Түсінеді ол оқыс от тиетінді,
Тоқтайықшы, ұғынсын ниетімді.
Тым болмаса бір көріп қалайыншы,
Талай жылдар сырымды білетінді.
Ұқсын өмір оралмас мезеттерін,
Білсін аңсау, табысу кезектерін.
Жалт қараса басылар шаршағаным,
Қимастық деп түсінем тез өткенін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңшыға өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Аңшыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңшыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңшыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері