Тоғыз айт, тіпті тоқсан айт – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тоғыз айт, тіпті тоқсан айт» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 582
Тоғыз айт, тіпті тоқсан айт
Жоқ па деймін мұны ұққан.
Мода қуған «жалаңаш»,
Бой түзеген «аштар» жүр
Жүзіп ішіп тұнықтан.
Бар қайғысы — мансабы,
Барлық қамы — лауазым,
Соның үшін көрмедік
Қайда болсын дау азын.
Бір-біріне тосқауыл
Сылтау тауып, сынықтан,
Жаман дейді ұқпаймыз
«Ашыққаннан құныққан.»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері