Біржан салдың Жанботаға айтқаны

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жанбота, мені шенеп майырмайсың,
Тоқымды шаптан тартқан айылдайсың.
Хан-төре үмбетінен айырғанмен,
Туған ел құрметінен айырмайсың.
Жанбота! Қырындамай бермен қара,
Деп жүр ғой жаңылған ел сені дана.
Күнде алдап бар қауымның есін алдың,
Шошытқан жоқсың жалғыз мені ғана.
Атыңның қызыққам жоқ озғанына,
Жан-жағың кетіп жатыр өз қамына.
Теңіздей терең тартып толғанамын
Күйініп туған елдің тозғанына.
Шындықты шыры таза құптар халық,
Нәсілін сен қинадың ұқпай қалып.
Күрсінем, өзге ағайын оза тартып,
Жүдеген жалғыз үйдей жұртта қалып.
Үйірде тепкі көрген тайымдайсың,
Жөн білмей, құрғақ сөзді жай ырғайсың.
Сен мені бүгін төрден айырғанмен,
Туған ел жүрегінен айырмайсың.
Біздің ел заманында ірі ел еді,
Қылығың оңбастай қып дүреледі.
Білмеймін, аласапыран дүние-дүрмек
Қай күні, қайда барып тіреледі?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біржан салдың Жанботаға айтқаны өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Біржан салдың Жанботаға айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Біржан салдың Жанботаға айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біржан салдың Жанботаға айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері