Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 582
Көзін қадап көкте күн
Қараса, қарды ерітіп,
Туыпты айы көктемнің,
Жан иесін сергітіп.
Қыста қатқан көлдердің
Мұз көйлегі жыртылып,
Сең жүзгенін мен көрдім,
Толқынды теуіп бұлқынып.
Тарғыл тартып тау басы,
Қарды қағып, буланып,
Ашылғандай арнасы,
Сай-саладан су ағып,—
Қар астында сарсылып,
Күн сағынған қара жер.
Денесі буға малшынып,
Тесін керген дала, өр...
Қарсыз қырды аңсаған
Өріске шығып мал - дағы,
Жүзі жарқын барша адам
Жадыраңқы жан-жағы.
Нұр ойнап мөлдір көзінде
Мектептегі баланың,
Бітеді деп аз күнде
Қуанады сабағын.
Жанданған дала, ой мен қыр
Көңілді колхоз ауылым,
Жорытқан таңнан трактор,
Тілімдеп жердің сауырын.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз кеткен

  • 0
  • 0

Амудария бойында
Мың ба, бұрын,— жүз кетпен
Жер қазып, су бұрғанда.
Өзенге бір қыз кеткен.

Толық

Қыз қалауы

  • 0
  • 0

Тақ қызына ғашық болып сансыз жан,
Тау елінен, Теңіз арғы жағынан
Келді киіп үске жібек асылдан,
Күймелері сары алтынға малынған

Толық

Дала

  • 0
  • 0

Теріскейден бұлт тұрған
Көрсең қысқы даланы,
Қыр бораны бұқтырған
Таппассың баспананы.

Толық

Қарап көріңіз