Әке – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Әке» атты Алма Түсіпбекова жазған әке туралы өлең берілген.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Сенде, менде - өзге мұң,
Ал, армандар туралған.
Сен сүйетін көздерім,
Жаспен бүгін суланған.
Ағып өткен ағын боп,
Күндерін-ай, көктемнің!
Көздерімде сағым боп,
Бұлдырайды өткен күн.
Қатталады десте-мұң,
Шайпау тірлік шалғанда,
Шаттық өмір кешкенім,
Шын ба еді, өзі, жалған ба?
Рас, білем, шаршадым,
Тағдырменен тіресіп.
Арман!
Сені аңсадым,
Тұратұғын гүл өсіп.
Өтіп жатыр күн-айым,
Жағып алып мұңды арға.
... Айтшы маған, құдайым,
Жасым кебер күн бар ма?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері