Өлең, жыр, ақындар

Үш өлең

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2324
І
Тым жас едік ол жылдарда,
Қарады жау біздің жаққа,
Жаудың көзін жаутаңдатты
Жарқыраған алтын қақпа
Оқ жаудырды самурайлар
Қақпаны ашып жол салмаққа.
Жас та болсақ тартынбадық,
Жағаласа міндік атқа.
Үлгермеді жамалуға
Жыртық шинель, кір папахтар,
Ақ, семсерлер жалтылдады
Жауға қарсы жөнелді аттар.
Ленин аты болды қуат
Қан төгілген кең майданда,
Партизандар өшпес мәңгі
Самурайға салды таңба.
ІІ
Тас түлектей түледік біз
Мызғымады алтын қақпа.
Самурайлар қайта аттанды,
Бел байласты тартынбасқа.
Жыртық шинель қалған, қашан,
Біз бе зәру мінер атқа!
Бердік сөзді зеңбірекке,
Пулеметке, гранатқа.
Самолеттер көкті басты,
Жерде танк басты қотқа!
Қызыл жалын қорғасыннан
Жау басына салдық ноқта.
Ұлы отаннан алдық қуат,
Талқандадық қан майданда!
Тағы қайта самурайға
Өшпес мәңгі салдық таңба!
ІІІ
Күншығыста көзді тартқан
Мызғымайды алтын қақпа!
Кілті берік Кремльде
Ашылмайды пейілі жатқа.
Аққан өзен бөгелмейді.
Солмайды гүл күн шуақта.
Асқарды бұлт бүркемейді,
Ән басылмас ешуақытта.
Батыр өлең жорыққа әзір,
Батыл серік азаматқа.
Бомба дайын жарылуға
Жауға қарсы, тұр құрғақта.
1938



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Майра

  • 0
  • 0

Жан екен бұл етікші құдай берген.
Құдайға қылған ісі ұнай берген.
Болса да малдан кедей, бастан шағын,
Барына ырзамын деп шыдай берген.

Толық

Айдалған бай

  • 0
  • 0

Кетті отарбам, кетті зымырап дүрілдеп
Жұртты оятқан тәтті ұйқыдан гүрілдеп,
Белдер асып,
Шөлдер асып,

Толық

Біз де иеміз басымызды

  • 0
  • 0

Отан еді ең сүйікті анасы,
Отан еді махаббаты, жүрегі.
Сол қасиеті демеп бойын,
Жалтылдатып ұшқыр ойын,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар