Хат

Бұл бетте «Хат» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3124
«Хат жазамын қалам тербеп
Құлағың сал, жан аға.
Мен бауырыңның сізден сұрар
Бір тілегі бар, аға.
Тілегімді хатқа сызып,
Білдіруім қиын-ақ,
Екі бетім отыр қызып,
Істегендей бір ұят.
Ұят дерлік ұят та емес,
Жазбақшымын сырымды.
Қиналамын айтуға тек,
Жеткізе алмай тілімді.
«Жас күнімде» жандай көріп
Еркелеттің, жан аға.
Қос бетімнен кезек сүйіп,
Деуші ең «жаным садаға».
Енді бүгін мектеп бітті,
Атандым жас дәрігер,
Жетті қолым бір үмітке
Арта түсіп жас жігер.
Соңғы сөзім, сездіремін,
Жарға шығу ойымды.
Сізден тілек жаңа жылда,
Өткізіңіз тойымды,
Жаңа жылда жеткім келед
Жаңа тұрмыс төріне,
Жаңа жылмен өскім келед
Етуге еңбек еліме.
Сізден тілек, жаным аға,
Тойға даяр болыңыз.
Жаңа жылда бақыт тойын,
Көзіңізбен көріңіз.
Не жазайын тағы басқа,
Бар тілегім осылар,
Жас тілегін хатқа тізген,
Қарындасың - Күлжамал».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хат өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері