Өлең, жыр, ақындар

Қыс

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1088
Жауып тұтас жер бетін
Көктен күміс ұшқындар,
Көрсетті қарлы келбетін,
Лебі суық қысқы ызғар.
Тысқа шықсақ жер аппақ,
Белуардан омбы қар.
Тұрса да аяз жалақтап,
Емес дене домбығар.
Қарасаң ағаш басына,
Қар жамылып жапырақ,
Келді көк мұз жасыра,
Тұр айнадай жалтырап.
Алтайы қызыл ақ құйрық,
Ақша қарға түлкі аунап.
Жараған аста ат жүйрік.
Аңшылар жүр түлкі аулап.
Қырғы жолға көз тіксең.
Құлдырап жеккен ат-шана,
Сызылып қарға із түскен,
Ауыздық сүзе, ат шаба.
Жүре ме бала ойнамай,
Соғыпты қардан аққала.
Суықтан беті алмадай
Қызарған, ойнап топ бала.
Жауып тұтас жер бетін
Көктен күміс ұшқындар.
Көрсеткен қарлы келбетін,
Лебі суық қысқы ызғар.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нарттар елінде

  • 0
  • 0

Темірлі тау шыңында ылғи көк тұман,
Ұнатамын сондағы орман жолдарын,
Емендерін бозғыл тұман жамылған,
Ақ шашағын иген жерге талдарын...

Толық

Әлжеке

  • 0
  • 0

Әлжеке, жақпарында жүрек таудың,
Сен жастан қолға қайла, күрек те алдың.
Ержете қайла орнына қалам ұстап,
Таңында тас түлектей түлеп те алдың.

Толық

Россия түкпірінде алыста

  • 0
  • 0

Астанада шулап ыңғай сөзге ұста,
Сөйлегіштер жатыр сөзбен соғыс қып,
Россия түкпірінде алыста
Ыңсыз, жыңсыз, мәңгі-бақи тыныштық.

Толық

Қарап көріңіз