Шежіре – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шежіре» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 763
Сыр шерткізгің келсе егер Жер-анаға,
(Үйіңе әкеп табиғат бере ала ма!)
Көзің көріп, көңіліңмен сезінетін
Шамаң келсе, бауырым, ел арала.
Ғаламаттар не түрлі елде екен,
Ел көкте емес, еткен ғой жерде мекен.
Өзіне де, ізіңе қамқор ана
Болып мынау жер бекер келе ме екен!
Жер – ғұлама, жер – тарих, жер – шежіре,
Осы асыл қоймадан сыр сезіне
Алар адам кезіксе, айтпасы мен
Салмасы оның болмас-ау ой тезіне.
Сыр шерткізгің келсе егер, Жер-анаға,
(Үйіне әкеп табиғат бере ала ма!)
Жақсы-жаман із қалған бұл өмірді
Білгің келсе, бауырым, ел арала.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері