Сабаншы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.07.2022
  • 0
  • 0
  • 3883
Қара шымды қатар тізіп,
Жер қыртысын сыдырсам;
Көк соқамен жерді сызып,
Айдаланы қыдырсам,
Еңбек жыры термен бірге,
Жерге түсед жазылып.
Қабағыма жермен бірге,
Сай түседі қазылып.
Қарым талып, қабақ қатад,
Төмен түсіп иінім.
Қажып қайрат, жанға батад,
Тіршіліктің қиыны.
Сонда гүлі қара жердің,
Күліп басын игенде,
Гүлді сүйген жібек желдің,
Демі бетке тигенде.
Үлбір гүлдер жұпар шашып,
Ойнағанда айнала,
Еркелеп, жел төсімді ашып,
Сүйгенінде аймалап,
Күш тасиды, түсім жылып,
Көтеріліп иінім,
Жадырайды тарқатылып,
Қабағымның түйіні.
Онда тұрып, мәз боп жаным,
Еңбегіме шаттанам.
Тағы жегіп көк соқаны,
Шым тізуге аттанам.

1925 жыл, 22-шілде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сабаншы өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Сабаншы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сабаншы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сабаншы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері