Ақжібек – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Ақжібек» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 2
  • 7145
Қарағым, қатарыңнан көркем түсің,
Ұнайды көңіліме де қылған ісің,
Құлпырып байшешектей түрленесің,
Берген соң ылайықтап құдай пішін.
Жарқын жүз, түлкі тамақ, құралай көз,
Маржандай тізіліп тұр отыз тісің.
Наз бенен қылығыңды көрген кезде,
Елжіреп қорғасындай кетті-ау ішім!
Шайқалып қызыл гүлдей сен тұрғанда,
Менің де бақаменен жоқ жұмысым!
Көңіліңнің бір белгісін білдір маған,
Болмаса көздеп жүрген басқа кісің!


Пікірлер (2)

Бауырлар

Ассалаумағалайкум жақсы жазылған өлеңдер.Əр өлеңінде мен бар

Ппвррпвккнпвкраепчвенпчпо

Күшті екен жаттауға болады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақжібек өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақжібек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақжібек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақжібек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері