Түрмеде – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Түрмеде» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1692
Абазға шығарасың мені қашан,
Өзіндей тұрғанда аға, неден сасам?
"Қадырдан Құдекеңдей ағам бар", - деп,
Бұлақтай өз-өзімнен қайнап, тасам.
Өзіндей жар менен дос жәрдем берсе,
Иншалла, ықпал орнай алға басам.
"Досыңды қиындықта сына" деген,
Қолымды "Қолтықта", - деп мойныңа асам.
Таусылып тиын, тамақ түгелінен,
Қарын ашып, болмай қалды артық нашам.
Шамалы тиын - пиын берер еді,
Тағама осындайда ұшырасам.
Осы айтқан өтінішті тыңдамасаң,
Басыңа балалардай күлді шашам.
Рахмет әрқашанда айтар едім,
Сөзімді сылтауратпай орындасаң.
Нәшәндік айтқаныңды анық қылады,
Қол соғып, қоңсы үшін қорынбасаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрмеде өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Түрмеде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрмеде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрмеде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері