"Кейінгіге нені тастап кетемін" деп

Бұл бетте «"Кейінгіге нені тастап кетемін" деп» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7567
Дүниеге келгендерге мирас өлмек,
Өлген соң, екі бастан, жоқ қой келмек.
Соны ойлап өз-өзімнен қайнап, тасып,
Қиялым көкірегімді кетті кернеп!
«Кейінге нені тастап кетемін?» деп
Ішкенім у сияқты болды кермек.
Жиырманың отыз бенен ортасында,
Сұлулап сияқты адам салған өрнек.
Ешнәрсе ол уақытта ойлатпайды,
Теңіздің толқынындай тасқан өрлеп.
Елу жас ердің мінсе еңсесіне -
Күннен-күн кемиді екен күй мен өрнек.
Өз жасым онан-дағы озыңқырап,
Алпысты алдымдағы қалдым серлеп.
«Қалай да қапы етіп кетем бе деп?» деп,
Кітабын «Шахнаманың» еттім ермек.
Өлеңмен он бір буын он ай жазып,
Бітірдім басым сипап, шаршап, терлеп.
Доғардым: «Тартуым, - деп, - партияға!»
Аттай-ақ аң құтқармас қойған ерлеп.
Ұнатып комиссия қолын қойды,
Сынауға бергенімде: «Оқып көр» деп.
Тексеріп, тәртіппенен төрт том етіп,
«Казиздат» баспақ еді оқа, зерлеп.
Үкімет ескеріп ол еңбегімді,
Пенсия бұйырып ед: «Бұған бер» деп.
«Айына бес жүз сомнан аласың» деп,
Қолыма қаулы жазып, берді мөрлеп.
Оларым ойнындай боп балалардың,
Отырмын осылайша босқа шерлеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

"Кейінгіге нені тастап кетемін" деп өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

"Кейінгіге нені тастап кетемін" деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

"Кейінгіге нені тастап кетемін" деп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

"Кейінгіге нені тастап кетемін" деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері