Бас мүжу – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Бас мүжу» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қой сойып, ет асты,
Алға тартты басты.
Оны Қайсар бөлдi,
Жолы үлкен сол-ды.
– Үлкендердi тыңдап,
Жүр, – деп, – тiл ап, сыйлап...
Балаларға құлақ
Бердi ол бөлiп турап.
– Айт, – деп, – əндi талмай...
Бердi əншiге таңдай.
– Мергенсiң, – деп – өзiң...
Бердi аңшыға көзiн.
Қиын сауал туды:
«Кiм жемекшi миды?»
Дедi досы: – Миы аз,
Жей ғой өзiң бiраз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері