Дауылпаз – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Дауылпаз» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 900
(Горький творчествосының 40 жылдығына)

Ой құйыны үйіріліп,
Көк алмастай суырылып,
Қаламы қылыш жарқылдап
Сұңқардай даусы саңқылдап.
Жерді соғып, бұлтты ұрған,
Көк жарған даусын ұқтырған,
Горький емей кім еді?..
Сындыра сағын жауының,
Өтіп өмір дауылын,
Жауға түйреп қаламын,
Басып алға қадамын,
Самғаған ол дауылпаз,
Көре қалған Ленинді.
Дұшпандарын бұқтырған,
Жұмысшыға ұқтырған,
Сезінің сұлу кестесін,
Бұлбұл ақын тіліңді
Сайраған сол күніңді
Жер жүзіне пәш болған
Ұмытпаймыз жырыңды.
Ұмытпаймыз, естесің!

1932


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері