Отбасыма
Амандықты тіледім
Әкеме менің терегім
Тереңнен тартқан тамырын
Ұрпаққа біздің жол аштың
Құрдың тағдыр кемеңді
Демедің қиын тереңді -
Өмір деген теңізді
Аттадың алып жүгіңді
Анама өмір тіледім
Алақанда тербедің
Түндерде көз ілмедің
Құшағыңа бөледің
Қырың бар бір шеберге
Анаңнан қалған өнерге
Сабақтап жіпті инеге
Қыласың матаны киімге
Ақтасам деймін сүтіңді
Маған қойған үмітті
Келемін жасап қызметті
Ауыстырдым содан жерімді
Көп ұзап кетем демедім
Болсам заң ұстасы дегенім
Елге тисе көмегің
Боламын риза деп едің
Жүремін содан ел асып
Жерден жерге алмасып
Әке сөзін ескеремін
Ана көңілін сезінемін
Барамын әлі жандарыңа
Келемін ұзамай Жетісуға
Көремін сендерді арасында
Шүкір, сондай мүмкін болса
Тағдырды білетін бір Алла
Қонақпызғой жалғанда
Құдіретке қол жайғанда
Сұраймын жүзді ата-анама
Ағам - саған бақ тіледім
Әр істе маған ұстаз едің
Өзің нағыз асқар таусың
Бауыр сөзіне сен мысалсың
Талабыңа жет деп едің
Талпынып соған мен келемін
Ата-анаға қамқор болдың
Соған да мен бас иемін
Жеңгем - саған жас тіледім
Шырақсың отбасыңа дегенім
Ағамның асылысың
Өмір отын жаға білгенсің
Енеңнің ойынан шыға қойдың
Мәртебесі ол қасиетіңнің
Болсын сәттер өміріңде
Мәнді-тәтті әр кезіңде
Қарындасым - саған ақ тілейін
Ол деген әр кезде пәк дегенім
Бойыңда бір қасиетің бар
Әр адамның көңілін табар
Болғанымен кенжесі үйдің
Ақылың көп, сен оны біл
Алыстан сені сағынамын
Балалықты есіме көп аламын
Ендігі тілегімді айтайын
Оны Күйеу балама бағыттайын
Бауырыма бақыт бердің
Содан шексіз қуанамын
Жүрегіңде иманың бар
Істеріңде батылдық бар
Сөздеріңде әділдік бар
Жолың ашық содан болар
Сәтті болсын қызметің
Қабыл болсын ғибратың
Меккеде болдың умрада
Енді аттан қажылыққа
Енді жарым сен тыңда
Айтар сөзім саған да
Гүлім менің ақ жарым
Жанарыңнан айналдым
Ұрпаққа мені бай еттің
Шаршадым енді демедің
Қызметіңді қыл дедің
Сол істен көз ілмедім
Қара түнде келсем де
Керегеден кіргенде
Ақ жүзіңмен қарсы алдың
Дәмді асты сый қылдың
Жан жылытар сөзіңмен
Асыл тәтті тіліңмен
Жүрегімді жібіттің
Пәк сезімге бөледің
Боламын деймін саған бақ
Ұл-қыздарды көріп-ақ
Маған берген қылып Ақ
Сол емес пе нағыз бақ
Өтсін мейлі жыл-жылдар
Болсын ұрпақ көп қатар
Бізді қарттық шаққа апарар
Болайық бір жастықта қартаяр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі