Социализм үшін – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Социализм үшін» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 455
Ұлы таптық күресінде
Ұйымдасқан колхоз ел.
Таңында атқан
Сымдай тартқан;
Социализмге
Тура жол.
Жаппай колхоз құруменен
Тап жөнінде — құлақты
Мүлдем жойып,
Өсіп, толып,
Ел болдық біз,
Тұрақты.
Колхоздардан артылған нан
Барады ұлы заводқа,
Социализм жолында
Мың Миллион жұмысшы
Алыпқа.
Тапсыз қоғам, біз құрамыз
Ешкімнің жоқ таласы.
Бұл — тамаша,
— Жаса, жаса!
Социализм Даласы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері