Тұтқын – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тұтқын» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 742
(Лермонтовтан)

Ашшы менің түнімді
Берші жарық күнімді,
Қара жал жүйрік атпенен,
Қара көз бұраң сұлуды!
Жас сұлуды сүйеші,
Әуелі тәтті сүйейін.
Атқа сонсоң мініп ап,
Далада желдей гулейін.
Терезесі біп-биік,
Есікте ауыр кілт берік.
Бір қараны алыста,
Түрмеден түр көз көріп.
Еркіндеп жасыл даланы,
Жүгенсіз тұлпар шабады.
Секіріп, шалт ойнақтап,
Құйрығын желге жаяды.
Жан жоқ үйде мен ғана,
Жап-жалаңаш — айнала.
Шам сәулесі жалтылдайды
Өлімсіреп жай ғана.
Қараңғы түн тым-тырыс,
Естіледі жай сыбыс...
Жауапсыз қайсар қарауыл,
Баққаны ептеп тың... дыбыс...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері