Афин қызына – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Афин қызына» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 905
(Байроннан)

Соқты сағат айрылар,
Афин қызы, ғафу ет!
Бас досыңның жүрегін,
Мені, яки, жаныңа ерт.
Жан-жүйемді біл менің,
Өмірім сенсін, сүйгенім!
Нарттай қызыл жүзіңді,
Отты сұлу көзіңді,
Бұйра сұлу шашыңды,
Ақша маңдай қасыңды
Егей желі ақырын
(Білемін көп сүйгенін),
Өмірім сенсін, сүйгенім!
Ерініңнің сүйгені раусағыңның тигені,
(Белгісі ыстық күндердің.)
Сыбдырымен гүлдердің
Жұмбақ сөзді үндердің
Лебіменен ант етем,
Жаным жанып, күйгенім,
Өмірім сенсін, сүйгенім!
Афин қызы, ұмытпай
Еске ала жүр — тілегім!
Ұмытпас, жаным, мені
Афин Стамболға жүремін.
Өмірім сенсін, сүйгенім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері