Гүлдар-ай (1­ нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Гүлдар-ай (1­ нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1464
Гүлдараймен қыз белін қынайтұғын,
Малға кетіп қыз сорлы жылайтұғын,
Гүлдарай!
Аузы қисық болса да малым бар деп,
Бай баласы аруды сұрайтұғын,
Гүлдарай!
Мен де бірі жылаған көп әйелдің,
Қашан ғана өзгерер ғұрпы елдің,
Гүлдарай!
Жатқа малша сатылып кетіп барам,
Тек бұйырсын топырағы туған жердің,
Гүлдарай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері