Өлең, жыр, ақындар

Бар қазақ менің бауырым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3367
Аспанға қолын созатын,
Арқасы дуда қозатын,
Аузымен айды айналып,
Жұлдыздан жыры озатын.
Қиқуы жерді жаратын,
Аты да зулап ағатын,
Бір көрген жанға аңқылдап,
Саңқылдап тілін табатын,
Бар қазақ менің бауырым!
Жеңіл де болса ауырым,
Көңілге ыстық тәуірім,
Жүзінен нұры төгілген,
Бар қазақ менің бауырым!
Алыс та болса ауылым,
Нәр алған бірге тамырым,
Атамыз бірге жаралған,
Өзіңмен көркем дәуірім,
Бар қазақ менің бауырым!
Желгенде желдей ерікті,
Күлгенде күндей көрікті,
Шаттанып кетсе шарықтап,
Атады көкке бөрікті !
Байлығы – байтақ даласы,
Даладай дархан бабасы,
Қазағым барда ғажайып,
Аспан мен жердің арасы,
Бар қазақ менің бауырым!
Мейірбан елдің бәріне,
Айналған өмір мәніне,
Мерейін мұхит асырған,
Мейірге толы әні де !
Киелі жерім, кең мекен,
Аялап сені әндетем,
Қазақтан асқан жалғанда,
Мейірбан халық бар ма екен?!
Бар қазақ менің бауырым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бар қазақ менің бауырым өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Бар қазақ менің бауырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бар қазақ менің бауырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бар қазақ менің бауырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері