Желтоқсан – Санжар К

Бұл бетте «Желтоқсан» атты Санжар К жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Желтоқсан - ызғарлы жел соққан күн,
Желтоқсан - жүректерді оятқан күн.
Талай ғасыр аңсаған қазақ үшін,
Тәуелсіздік бағасы биік –ақ тым!

Шықты алаңға жалынды қазақ жастары,
Бар мақсаты – тәуелсіздік аспаны.
Қазақтың заңғарлығы көрінген сәт,
Ұмытылмас «Желтоқсан» мұң дастаны.

Желтоқсанның жаңғырығы кетер емес,
Қазаққа қойылған бір қиын белес.
Көк туын салқын жел сермеп өтіп,
Халқымның шын бірлігі сыналған кез.

Ел-жұртым армандаған қанша жылдар,
Осы жолда құрбан болды талай жандар.
Бейбітшілікте өткізген әрбір күнді,
Жас ұрпақ, құрметтеңдер, бағалаңдар!


Пікірлер (2)

Sanzhar11

Керемет екен маған ұнады

Sanzhar11

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері