Аяулы ана
Аяулы ана - ақ жаулығы желбіреген,
Асыл ана - жарық сәуле, өмір берген.
Саялаған бәйтерегім, анашым
Шаршауды да, талуды да білмеген.
Санжар К жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Ұлы тұлға,дана тұлға, Елбасы!
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар дарасы.
Күш-жігерін арнады ұлы іске,
Көркейсің деп қазақтың байтақ даласы.
Ана тілім сен арқылы ән айтам,
Ана тілім сен деп бүгін жыр жазам.
Ана тілі - сені сыйлай алмасам,
Ел-жұртыма сұрағанда не айтам?!
Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім,
Өзіңмен бірге өрге басып келемін.
Талай ақын, батырлардың ордасы,
Мен өзіңді шын жүректен сүйемін.
Сүйе біл сен, туған өлкең, еліңді,
Кең байтақ, ен далалы жеріңді.
Сүйе біл, сен, қазақ елің айбынды,
«Қайсар Қазақ» атты халқыңды .
Қаруланған жауыздар қырып-жойып,
Саналарға өшірілмес белгі қойып.
Мақсаты жаулап алу сол жерлерді,
Өздері алатындай жерді ойып.
Қыршынынан қиылды талай боздақ,
Қызыл қанға боялды майдан- аймақ.
Кеудесін Отан үшін отқа тосқан,
Батырларым мәңгілік үлгі болмақ!
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі