Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім,
Өзіңмен бірге өрге басып келемін.
Талай ақын, батырлардың ордасы,
Мен өзіңді шын жүректен сүйемін.

Хош иісті қызғалдағы, раушаны,
Асқар тауы, әсем көлі, жайлауы.
Қыбырлаған жәндігі мен топырағы,
Әр қазақтың жүректегі алауы.

Өз Отанын сатқан адам оңбайды,
Басына оның ешқашан бақ қонбайды.
Тіпті, бұлбұл өз жерінде сайрайды,
Нағыз қазақ сатуға елін бармайды.

Ыстық маған туған жердің жусаны,
Отан деген - әр қазақтың жыр – әні.
Алтын ұям, бір сені ойлап өтемін,
Туған жерім, ұлы Отаным, мекенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім өлеңінің авторы кім?

Санжар К — осы өлеңнің авторы.

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Санжар К өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері