Ақ боз үйді тіктіріп ақын жатыр – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Ақ боз үйді тіктіріп ақын жатыр» атты Серік Тұрғынбеков жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Ақ боз үйді тіктіріп ақын жатыр,
Аяғынан тік тұрып жақын мақұл.
Алшысынан талайды алшаңдатқан,
Жиырмасыншы жас ғасыр, жасыл ғасыр.
Жұмақ мекен, жайлы өмір, ұшпақ далам,
Қызыл-жасыл алдымда түс қаптаған.
Кетті ақынның көңілі құла түзге
Шу асаудай жайлауда ұстатпаған.
Ақ боз үйдің зерлетіп арқа-басын,
Жиылған жұрт кештете тарқағасын,
Жалғыз өзі жаңғыртып жер-жаһанды,
Домбырасын қосыла тартады ақын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері