Өлгім келеді! – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Өлгім келеді!» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 6449
Өлгім келеді! Өлгім келеді!
Тек сені ғана көргім келеді!
Қаңғырып жүрмін, қарашы маған,
Қажет пе саған желдің дерегі?
Кеткім келеді...
Өбкім келеді...
Өлімге бұлттай шөккім келеді!
Құшақтап тұрып әлдебіреуді
Жанымды ақтарып төккім келеді!
Белгісіз жаққа қашқым келеді!
Өртімді өртпен басқым келеді!
Мен емес, жердің қиратып бәрін
Сағыныш көтерген тасқын келді!
Өлгім келеді! Өлгім келеді!
Жоқ, маған сенсең, жердің керегі!
Ауа да! Ай да! Кун қажет емес!
Тек сені ғана көргім келеді!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлгім келеді! өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Өлгім келеді! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлгім келеді! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлгім келеді! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері