Мөп-мөлдiрсiң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мөп-мөлдiрсiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Мөп-мөлдiрсiң,
Тұп-тұнжырсың,
Тұнықсың,
Тұнығыңда тұма барын кiм ұқсын.
Жар қойнында жалыныңа шарпылып,
Жазған жүрек жалғыз саған құнықсын!
Тұп-тұнықсың,
Мөп-мөлдiрсiң,
Тұнжырсың,
Тұнжырыңда тың жын барын кiм бiлсiн.
Барым сенiң баяныңа бас ұрып,
Жаным сенiң жамалыңнан үргiлсiн!
Тұп-тұнықсың,
Тұп-тұнжырсың,
Мөлдiрсiң,
Өзегiме өрт жалатқан өндiрсiң.
Көбелектей көркiңе ынтық Пəруана
Көктегi Айды алақанға қондырсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мөп-мөлдiрсiң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мөп-мөлдiрсiң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мөп-мөлдiрсiң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мөп-мөлдiрсiң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері