Анда-санда – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Анда-санда» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1155
Анда-санда...
Есімнен танбасам да,
Татып қоям əзəзіл қу арақтан,
Алдымдағы ағалар дуалатқан...
Жаба тоқып жауырды неғылайын,
Күндік жерге жетеді күнəм артқан...
Басы айналған бəңгіден бəдəуидей
Батқан күннің соңынан қуады ақ таң.
Қырық құрау, жүз жамау жүрегіме
Жұп іздеймін Қырық бір құмалақтан.
Бұлың жалған бір күнге тұрмайды екен,
Бұлбұл безіп кеткелі бұл алаптан!
Мұз астында өксіген өзендейін
Өмірім-ай,
Өмірім, жылап аққан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анда-санда өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Анда-санда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анда-санда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анда-санда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері