Тəтті күннің тауысып талай дəмін – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Тəтті күннің тауысып талай дəмін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 759
Тəтті күннің тауысып талай дəмін,
Өтті білем басымнан бал айларым? –
Ерте күздің нұрымен енді, міне,
Еріте алмай отырмын самай қарын.
Шаштағы қар, мазалап бастағы мұң,
Қарлығуға айналды асқақ үнім.
Қалай ғана өткізіп алдым екен
Қайталанбас күндердің қас қағымын?
Қайран күндер қайда енді қастерлеген?
Қырау мынау самайдан басқа өрлеген.
Жастығымды қас жауым жарым түнде
Жаулап алып кеткендей лəшкерменен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тəтті күннің тауысып талай дəмін өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тəтті күннің тауысып талай дəмін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тəтті күннің тауысып талай дəмін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тəтті күннің тауысып талай дəмін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері