Əн айтсам теңселесiң, тербелесiң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Əн айтсам теңселесiң, тербелесiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Əн айтсам теңселесiң, тербелесiң,
Теңiздiң мiнгендейiн жел-кемесiн.
Осынау үнсiз, мұңсыз қалпыңменен
Жаныма ем бересiң, дем бересiң.
Əн айтсам тербелесiң, теңселесiң.
Қинайды қиналғанда емшi емесiң.
Адаспай өң мен түстiң арасында
Есiктен еншi Елесiм, келшi Елесiм.
Əн айтсам тоқсан тоғыз құбыласың,
Не бiлiп, ненi iшiңнен ұғынасың?
Шығыстан шұға киiп шыққан Күндей
Көңiлiңнiң көрсем еттi шұғыласын?
Əн айтсам өзiңдi-өзiң ұмытасың
Құшақтап Ұлытаудың ұлы тасын.
Бiлтеңдi өшiп-жанған үрлей-үрлей
Дiңкемдi сонша неге құрытасың?
Əн айтсам...
Жо-жоқ, ендi доғарайын,
Өзiме, өзеуремей, оралайын.
Тұрайын айдалада қалғып-мүлгiп,
Ай қонған төбесiне моладайын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əн айтсам теңселесiң, тербелесiң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Əн айтсам теңселесiң, тербелесiң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Əн айтсам теңселесiң, тербелесiң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Əн айтсам теңселесiң, тербелесiң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері