Көңіл күйім еленбей көгендегі – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көңіл күйім еленбей көгендегі» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 980
Көңіл күйім еленбей көгендегі,
Дос өз жайын ойлайды менен гөрі.
Телегейдің тұңғиық түбі терең,
Көрінбейді маржаным тереңдегі...
Мадақ сөзді қайтемін май татыған?
Шертетін сыр,
Əлі алда айтатын əн!..
Дауыл тұрса – сабамнан асып-тасып,
Дауыл тынса – шарамда қайта тұнам.
Муза менен Көңілді мұң жайлайды...
Түбі шикі тіршілік тіл байлайды.
Мен тұйықпын –
Түбі ұйық тұңғиықпын,
Тұңғиықтың түбіне кім бойлайды?..
Секем алар жайым жоқ,
Сезем бəрін:
Телегейге кеп құяр өзен барын.
Үнсіз, тілсіз жүргенім іштен тынып
Елгезектің ерқашты езер жанын.
Өзен суы лайсаң, тым ағынды,
Таси қалса, тарс бітер құлағыңды!
Бұла мінез,
Құла тай,
Құба таңдай
Бүлкілдеген сағындым бұлағымды...
Өзен суы өзімшіл,
Сабасы кем,
Телегейдің саласы, сағасы кең.
Алып ұшқан жүректің өртін басып,
Жан ұғысқан жарасар жағасымен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл күйім еленбей көгендегі өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көңіл күйім еленбей көгендегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл күйім еленбей көгендегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл күйім еленбей көгендегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері