Көзiңдегi бiр мұңды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көзiңдегi бiр мұңды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 965
Көзiңдегi бiр мұңды,
Көңiлiңдегi кiрбiңдi
Өшiргiм келдi,
Көшiргiм келдi өзiме.
Мұңың тұңғиық екен,
Шыңың тым биiк екен,
Екi аралықта сенделдiм.
Қабағың – қалың сыз екен,
Жанарың жалынсыз екен,
Сəтiңе самсоз кез келдiм.
Көргенiм: көз – көлiң екен,
Көңiлiң – безбенiң екен,
Мезетте мың-сан құбылдың.
Тұңғиық түбiне көлдiң
Келгенмен үңiле бергiм,
Əдепке лажсыз жүгiндiм.
Тұныққа шым батсам ба екен,
Тұншыға тiл қатсам ба екен
Тұңғиық тылсым тереңнен?
Құрдымнан құтқарармысың,
Құлқыма құп қарармысың,
Татқызып тəттi у зереннен?
Жаныңнан шыға алмай қалдым,
Жай-күйдi ұға алмай қалдым,
Жаным-ау, айтшы, бұл қалай?
Қазандай түпсiз қайнаған,
Жiгiттi жiпсiз байлаған
Жаныңның осы жұмбағы-ай...
...Тағы да жамылдың мұңды,
Тағатсыз сағындың кiмдi
Жанардан жасың сырғанай?
Үмiттiң iргесiндегi,
Түнектiң түрмесiндегi
Жүректiң жүрдек ұрғаны-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзiңдегi бiр мұңды өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көзiңдегi бiр мұңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзiңдегi бiр мұңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзiңдегi бiр мұңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері