У-зəрді жалғыз ғана мен ішем бе? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «У-зəрді жалғыз ғана мен ішем бе?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 606
У-зəрді жалғыз ғана мен ішем бе? –
Жүректің жүдеп жүрген емі сенде.
Көрмеймін дегеніңе көнемін бе,
Келмеймін дегеніңе келісем бе?
Тар жерде тағдыр айдап табысқаным,
Қалайша ауа қонып, алыстадың?
Кім білсін қадіріңді қалыс жерде,
Қасымнан кете көрме қарыс қадым.
Сарғайып, сағынбауға жан шыдай ма,
Көз жасы көңіл кірін аршымай ма?..
Жабырқап,
Сен жоқ жерде жалғызсырап,
Жүрегім сыздамай ма, шаншымай ма?
Қош хабар жеткізер деп кім алыстан,
Көңіл бар көбелектей құрақ ұшқан.
Көрсетші дидарыңды ғайыптан кеп,
Жарылсын жүрек, шіркін, қуаныштан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

У-зəрді жалғыз ғана мен ішем бе? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

У-зəрді жалғыз ғана мен ішем бе? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

У-зəрді жалғыз ғана мен ішем бе? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

У-зəрді жалғыз ғана мен ішем бе? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері