Бүгінгі би – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бүгінгі би» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 781
Илейсiң-ау, илейсiң
Қара жердi балшықтай.
Күйлейсiң-ау, күйлейсiң
Қарға аунаған қаншықтай.
Терлеп-тепшiп тақымың,
Шашылуға шақ қалды.
Басыңдағы ақылың
Табаныңда тапталды.
Көлiк жайлы, көш аман,
Бабында əлi баукесер.
Жұрттың бəрi – есалаң!
Жұрттың бəрi – əумесер!
Аспан төрi алтықат
Адым сайын тұр аңдап:
Ақ төсiңдi жарқырат!
Аш белiңдi бұраңдат!
Өмiр – қара,
Өмiр – ақ...
Азан-қазан жер мен көк.
Шаштарыңды қобырат!
Қолдарыңды ербеңдет!
Көкейтестiң көксеген –
Көбелек пен көкшыбық,
Ашық-шашық бөксе, бел...
Арманыңа жет, жiгiт!
Делiқұлы дененiң
Елшiсiндей қас-қабақ.
Дегбiрсiздеу неменiң
Есi-дертi басқа жақ...
Сүю, күю, мұңаймақ –
Өткен күннен бiр айғақ...
Бүгiнгi өмiр – Жынойнақ!
Бүгiнгi өмiр – тым əйбат!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі би өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгі би өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгі би өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгі би өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері