Құлын-ғұмыр

Бұл бетте «Құлын-ғұмыр» атты Есей Жеңісұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Құлын едім...
Ерке едім, ебі жел ем,
Үрпіге ауыз салғанмын еміне мен.
Тұмсығымен таңымнан түртіп қойып,
Еміреніп тұратын Өмір-енем.
Қуаныштан жазғандай бұйрығымды,
Көретінмін таусылмас сый ғұмырды.
Айхай, шіркін, андыздап кетуші едім,
Көкке шаншып күлтелі құйрығымды.
Тұлпармын деп құрсақтан жаратулы,
Тұяғымнан бар әлем ағатын-ды.
Құлағымның түбінен жел ысқырып,
Сайын дала қуырылып қалатын-ды.
Төгіп тұра берердей шапағын мың,
Қызық еді атар таң, бататын күн.
Көкке тойып, қызыққа әбден тойып,
Күн астында керіліп жататынмын.
Сауырыма тимеген таспа бұрын,
Жабағыдан тай шықтым.
Бас таныдым.
Маған сыртын беріп тұр Өмір-енем,
Бауырына жабысып басқа құлын.
Ілестіріп әкетті сүргін мені,
Қара жерді қар басты...
Қыр гүлдеді.
Тұрман қонды арқамды жауыр қылып,
Қамыт киіп алыппын бір күндері.
Етім өлді қамшыға бағынудан.
Баяғыдай аңсап ем тағы думан,
Өмір-енем жалымнан тістеп алып,
Қос аяқтап бір тепті бауырымнан.
Оралмасын түсіндім бұрынғының,
Ізін салды жүгенім, мұрындығым.
Бұл күндері түсіме жиі енеді,
Ештеңеге алаңсыз құлын күнім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлын-ғұмыр өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Құлын-ғұмыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлын-ғұмыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Құлын-ғұмыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері