Жетісуым – Зайда Елғондинова

Бұл бетте «Жетісуым» атты Зайда Елғондинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.07.2020
  • 0
  • 1
  • 1735
Жетісуым,
Төбесінен төнген мәңгі нар аспан!
Ай, жұлдызы ғарышпенен жарасқан.
Халқы ғажап, жері ғажап туған жер,
Ұлы Алла ел-жұртына қарасқан!
Жетісуым – жер жаннаты жердегі,
Айдын шалқар, толықсыған көлдері.
Асқар таулар түу биіктен қарасып,
Ұлы өмірмен барасың сен жарасып.
Жетісуым, аспан тіреп асқары,
Тыпыршиды тұлпар сынды жастары!
Мендік ғұмыр Жетісумен табысып,
Жаңа дәурен, жастық дәурен бастады!
Ақындары ай маңдайлы, ай көсем,
Ақындары ұлы сөзге бай, шешен.
Бақытты ақын сен боларсың әлемде,
Жырларыңды жатқа оқыған,
Жас ақындар ай маңдай,
Бақыттысың, бақыттысың, Заида, сен!
Жетісуым, кіндік қаным тамған жер,
Жетісуым, ақын деген атақты да алған жер!
Жүрегіме жұлдыз жолын мәңгі бақи салған жер,
Тәй-тәй басқан ізім мәңгі қалған жер!
Он жасымнан мені ақын ғып баптаған,
Сені ойласам, сені ойласам шаттанам!
Былтырғыдан бөлек боп тұр биыл ән,
Ата-бабам, аруағыңа сыйынам!
Ата-анамның руxтары асқақтап,
Маған арнап жол салды ғой қиыннан!
Менің атым бала жастан кие қыз,
Туған жерді алтын бесік сүйеміз.
Ей, Жетісу, перзентіңмін мен сенің,
Ұлы Алланың екеумізге сыйы егіз!
Құс ұшады сонау зеңгір аспанда,
Қар жатады тамызда да асқарда.
Мен айналдым бітпейтін бір дастанға,
Мен дос болдым жетісулық жаны таза,
Алау-ақын жастарға!
Алла берген ақындығым,
Мың сәлем сал аспанға!


Пікірлер (1)

Ай

Керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетісуым өлеңінің авторы кім?

Зайда Елғондинова — осы өлеңнің авторы.

Жетісуым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетісуым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Зайда Елғондинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетісуым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері