Жалғыз қайың – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жалғыз қайың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Қабақта,
өзен бойында
Өсті бір нәзік ақ, қайың.
Түсіріп еске
томсарған
Тағдырға көнбіс тақ жәйін.
Жел ұрып, дауыл жұлқыса,
Майысатұғын,
сынбайтын.
Темірдей қысса, сары аяз
Сазарып мойынсұнбайтын.
Жападан-жалғыз, жап-жалғыз,
Көрсең де қашан бір өзі,
Жүретін аян осынау
Қайыңға ұқсап мінезі.
Әділет жоқ, аяу жоқ,
Тағдырға іштей налушы ем.
Беріктік, сірә, бар болса,
Өзі ме деп қалушы ем...
Сынбасты ұста соқпайды,
Тозбастың барын білсін кім!
Дүние-ай мәңгі жоқ-ау деп
Өкініп іштей күрсіндім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері