Тауық жылына тілек – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Тауық жылына тілек» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 647
Алдан күткен ақ арманы көріне,
Қадам басқан өркениет өріне.
Еркіндіктің жайлау қылған жазығын,
Тауық жылы, төрлет, қазақ төріне.

Санасына сәуле құйған бесіктен,
Тарықтырма, тарлан елді несіптен.
Алаулаған айдарыңнан жел есіп,
Кербез басып енші, қане, есіктен.

Екі шоқып, бір қарайтын сақ қалпың,
Түсінгенге талай сырды ақтарсын.
Менің бабам дәл өзіңіз секілді,
Ерте тұрып, іс қылғанды мақтар шын.

Ырыс бассын, ернеулеген қазанды,
Таңсәріден шақыр тағы азанды.
Шоқып алғын, қағып өткін қанатпен,
Ала таңнан алса өзгелер мазаңды.

Жақсылығы биік тұрған желкенмен,
Туған елдің шежіресін шертем мен.
... Түсіңізге тары кірсе – дұрыс та,
Алатұғын несібеңіз ертеңнен.

Қасіретті салып қой да құлыпқа,
Қасиеттің сандығын аш – ұмытпа.
... Ерте оянған, ырысы артық еліме,
Саф алтыннан сыйлаңызшы жұмыртқа!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тауық жылына тілек өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Тауық жылына тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тауық жылына тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тауық жылына тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері