Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 647
Айналайын қаламым!
Сен – емі едің, жанымдағы жараның.
Бет пердесін өзің аштың – аланың,
Сен бар жерде сейіледі алаңым!
Көзім жазып қалған кезде ар-құстан,
Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан.
Қасірет кеп қадалғанда көзіме,
Жанарымның жасын құйдым өзіңе.
Жәдігөйлер салған кезде жат ұран,
Сен арқылы төккем талай запыран.
Мөлт-дүние сыйлағанда мөлдір мұң,
Қалам!
Сені жазуға оны көндірдім.
Бұлдыр-күнде маған серік – сен ғана,
Тұлдыр-түнде маған серік – сен ғана…
Айлы түнде қанат біткен қаламым,
Не аңғардың сұлбасынан сананың?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен едің ғой, ақ қағазға қан құсқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері