Сыр – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сыр» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 654
Шуылдап көңілімде жасыл орман,
Кеудемді мекен еткен асыл арман.
Қалдым ба жасанам деп сәл кешігіп,
Жүрсің бе жігіт болып тосып алдан.
Білмеймін, сәтті айтқан бір әнбісің,
Ән болсаң шырқап талай жұбанды ішім.
Арман болып көрінген аласаға
Асқар шыңды айналған қыранбысың!
Мұраға қалған сөз бе ең аталардан,
Ұрпақтарға ақ тілек батаны алған.
Кім білсін, содан шығар жүрміз бүгін,
Жетпегеннің бәрін де атап арман.
От беріп, жігер құйып бар көңілге,
Ей, арман қиялдармен самға бірге.
Кеудемді өрге сүйрер сен болмасаң,
Құлшынбас ем келетін алғы өмірге.
Ұнамай жүр бір айтқан ән кешегі,
Үмітім өшсе менің мәңгі өшеді.
Қолдағы бір тостаған қымыз болсаң,
Төгіп алған шығармын әлде сені...
Осынау өзімдегі жоқ көрікпен,
Білмеймін, кей сұлуға кектеніп пе ем.
Үркітіп әлде содан алдым ба екем,
Бір арманды бастағы көп көріп мен.
Келсең бауырым, өмірден кет өкінбей,
Қуанышын бөктеріп өтер күндей.
Арманына жеткендер бір-ақ сәтте
Бақытынан жарылып кететіндей...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыр өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері