Арман асқар асу бермес кейде тым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Арман асқар асу бермес кейде тым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 890
Арман асқар асу бермес кейде тым,
Арман жолы арылмаған бейнетім.
Атар таңға асығамын кеш түссе,
Онсыз сірә, сезім салқын, ой жетім.
Асығамын, арпалысып тірлікпен,
Атар таңға ақынынан жыр күткен.
Осынау шын өмірімде жоқ-ау, жоқ,
Арман соңын ала қояр бір нүктем.
Боран көңіл таппас жерден тұрағын,
Санаулы өмір құлап жатқан бір ағын.
Сол ағыннан «қайда арман?» деп сұрадым,
Жауап болмай егіліп көп жыладым.
Арман қайда, айта алмады тау маған,
Айта алмады бұлбұл әні сайраған.
Айта алмады құшағы да жігіттің,
Бар ерікті бір өзіне байлаған.
Арман деген құлағымда ғажап үн,
Сол үн болып құлашты еркін жазамын.
Арман болып арман жолдан өтсем-ау,
Жотама сап ұлы жолдың азабын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман асқар асу бермес кейде тым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Арман асқар асу бермес кейде тым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман асқар асу бермес кейде тым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман асқар асу бермес кейде тым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері